Дарын Қонысбаев жағажайдағы Азия ойындарында өнер көрсетті

Дарын Қонысбаев жағажайдағы Азия ойындарында өнер көрсетті

Санья қаласында (Қытай) өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындары аясында ерлер арасында акватлон жарысы мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Бұл бағдарламада Қазақстан құрамасының намысын Дарын Қонысбаев қорғады.

Отандасымыз алғашқы жүгіру кезеңінде ең үздік нәтижені көрсетті - 7:12. Жүзу кезеңінен кейін Қонысбаев аралық есепте алтыншы орынға тұрақтады (13:05).

Соңғы кезеңде ол бір саты жоғарылап, 7:56 нәтижесімен мәре сызығын бесінші болып кесті. Жалпы уақыты - 29:10.

Алтын медальді Қытай спортшысы Цзюньцзе Фань жеңіп алды - 28:20. Күміс жүлде Юньфен Тэнге (Қытай) бұйырды - 28:30. Үздік үштікті Тайбэй өкілі Пан Цзы-И түйіндеді - 28:33.

Қазақстан семсерлесуден әлем кубогы кезеңіне қатысады

Жағажайдағы Азия ойындары-2026: Қазақстан құрамасының тізімі

Қазақстандық құзға өрмелеушілер Азия чемпионатында өнер көрсетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или