Жағажайдағы Азия ойындары-2026: Джиу-джитсудан Қазақстан құрамасы дайындық жұмыстарын өткізуде
Джиу-джитсудан Қазақстан құрамасы VI Азия жағажай ойындарына дайындық жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл жөнінде ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Джиу-джитсудан жарыс 23 сәуірде басталады. Қазақстан құрамасы сапында мына спортшылар өнер көрсетеді: Мансұр Хабибулла, Батыр Теңізбай, Нұржан Батырбеков, Елнұр Қуатұлы, Сейілхан Болатбек, Адлан Мадаев, Жібек Құлымбетова, Ажар Салықова.
Айта кетейік, VI Азия жағажай ойындары 22-30 сәуір аралығында Қытайдың Санья қаласында өтеді. Ойындардың салтанатты ашылу рәсімі 22 сәуірге жоспарланған.
Жағажайдағы Азия ойындары-2026: Қазақстан құрамасының тізімі
Қазақстандық құзға өрмелеушілер Азия чемпионатында өнер көрсетті
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или