«Сәттілік те әсер етті»: Артета «Ситиден» жеңілудің себебін түсіндірді

«Сәттілік те әсер етті»: Артета «Ситиден» жеңілудің себебін түсіндірді

«Арсеналдың» бас бапкері Микель Артета сырт алаңдағы «Манчестер Ситиден» (1:2) жеңілгенін түсіндіріп, ойын тағдырын ұсақ-түйек сәттер шешкенін атап өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Sports24.kz-ке сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, шешуші эпизодтарда сәттілік факторы да, қарсыластың жеке шеберлігі де өз әсерін тигізді.

«Ойын тағдырына бірнеше фактор ықпал етті. Оның ішінде сәттілік те бар – дәл сол сәтте гол соғасың ба, жоқ па. Екінші гол кезінде рикошет болды, соның арқасында доп Холандқа жетті. Сонымен қатар, ойыншылардың класы шешуші рөл ойнайды: дәл осындай сәттерде сабыр сақтап, нақты әрі жылдам шешім қабылдау керек – міне, осы сәттер бәрін айқындайды.

Ойынға жалпы қарасақ, команда матчқа дұрыс кірді және соңын да жақсы өткізді. Иә, кейбір эпизодтарда зейін жетіспеді, бірақ негізінен жоспар бойынша әрекет еттік, ойынды бақылауда ұстадық және жеңіске үміт артарлықтай сәттер жасадық.

Біз қалаған нәтижеге өте жақын болдық, бірақ бұл жеткіліксіз болып шықты. Бүгін біз өте маңызды мүмкіндікті жіберіп алдық деп мойындауымыз керек. Дегенмен, алда әлі бес матч бар, қазір ең бастысы – қайта күш жинап, әрі қарай ілгерілеу. Бұл кездесуде жақсы тұстар да аз болған жоқ: кей кезеңдерде өте сапалы ойнадық, ойын қарқыны жоғары болды, дәл күткендей», – деді Артета матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Артета ойынның қарқыны өте жоғары болғанын және матч финалындағы шиеленісті сәттерді еске салғанын қоса айтты.

Осы жеңілістен кейін «Арсенал» мен «Манчестер Сити» арасындағы ұпай айырмашылығы үшке дейін қысқарды, әрі Манчестер ұжымының бір ойыны қорда қалды.

Айта кетейік, 22 сәуірде «Сити» «Бернлимен» кездеседі, ал «Арсенал» 25 сәуірде «Ньюкаслға» қарсы ойнайды.


Месси кезекті голдарын соғып, командасын жеңіске жетеледі

Испания кубогы: «Атлетико» финалда жеңіліп қалды

Еуропа лигасының жартылай финалдық жұптары анықталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или