Франция атақты сұрмергені әлем чемпионаты қарсаңында ауыр жарақат алды

Франция атақты сұрмергені әлем чемпионаты қарсаңында ауыр жарақат алды

Франция құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты қарсаңында маңызды ойыншысынан айырылды, деп һабарлайды Prosports.kz.

«Ливерпуль» шабуылшысы Юго Экитике ауыр жарақат алып қалғандықтан, ірі турнирге қатыса алмайды.

Футболшы Чемпиондар лигасының ширек финалындағы «ПСЖ»-ға қарсы матчта аяқ сіңірін үзген. Дәрігерлер толық не жартылай үзілгенін анықтайды, алайда кез келген жағдайда оған ота жасалып, ұзақ уақыт оңалту кезеңі қажет.

Айта кетелік, 23 жастағы шабуылшы осы маусымда «Ливерпуль» сапында 45 матч өткізіп, 17 гол соқты. Ал Франция құрамасында 8 ойынға қатысып, екі рет мергендік танытқан.

Сәтпаевтың ізімен: 16 жастағы өзбекстандық футболшы «Челсимен» келісімшартқа отырды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или