«Петролул» Абат Айымбетов алаңға шыққаннан кейін жеңіске жетті

«Петролул» Абат Айымбетов алаңға шыққаннан кейін жеңіске жетті

«Петролул» Румыния Суперлигасының төмендеу тобының төртінші турында «Униря Слобозия» сырт алаңда ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Слобозияда өткен матч қонақтардың пайдасына 2-1 есебімен аяқталды. Алаң иелерінің футболшысы Кристиан Альбу тоғызыншы минутта есеп ашты. Сегіз минуттан кейін Эстебан Ороско алаңнан қуылғаннан кейін «Униря Слобозия» он футболшымен қалды. «Петролул»  59-шы минутта бірнеше ауысым жасады. Пол Папптың орнына алаңға қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетов те шықты. Нәтиже ұзақ күттірмеді: 65-ші минутта Рарес Поп есепті теңестірді, ал 85-ші минутта Георге Грозав «Петролулдың» жеңіс голын соқты.

Бұл жеңістен кейін «Петролул» 22 ұпай жинап, төмендеу тобында сегізінші орыннан алтыншы орынға көтерілді. 19 ұпаймен «Униря Слобозия» жетінші орыннан сегізінші орынға төмендеді.


MLS: «Интер Майами» өз алаңында ұпай жоғалтты

«Барселона» мен «Атлетико» арасындағы ойынның төрешісі шеттетілді

АПЛ-нан бес клуб Чемпиондар лигасына жолдама алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или