UEFA Еуропа және Конференция лигалары ширек финалы басталды

UEFA Еуропа және Конференция лигалары ширек финалы басталды

UEFA Еуропа және Конференция лигалары ¼ финалының алғашқы ойындары өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Жарыстың бұл сатысында «Болонья», «Астон Вилла», «Порту», «Ноттингем Форест», «Фрайбург», «Сельта», «Брага», «Бетис» командалары сынға түсіп жатыр.

«Болонья» (Италия) — «Астон Вилла» (Англия) 1:3

«Порту» (Португалия) — «Ноттингем Форест» (Англия) 1:1

«Фрайбург» (Германия) — «Сельта» (Испания) 3:0

«Брага» (Португалия) — «Бетис» (Испания) 1:1.

Финал 20 мамырда Түркияның Ыстанбұл қаласындағы «Бешикташ» стадионында өткізіледі.

Сондай-ақ Конференция лигасы ¼ финалында да алғашқы ойындары нәтижесі белгілі болды.

Бұл кезеңге «Страсбург», «АЗ Алкмаар», «Райо Вальекано», «Шахтер», «АЕК Афины», «Фиорентина», «Майнц», «Кристалл Пэлас» командалары алған еді.

«Шахтер» (Украина) — «АЗ Алкмаар» (Нидерланд) 3:0

«Райо Вальекано» (Испания) — АЕК (Грекия) 3:0

«Майнц» (Германия) — «Страсбург» (Франция) 2:0

«Кристалл Пэлас» (Германия) — «Фиорентина» (Италия) 3:0.

Финал 27 мамырда Германияның Лейпциг қаласындағы «Ред Булл Арена» стадионында өткізіледі.


Иштван Ковач еурокубоктардан шеттетілді

АПЛ-дан бес клуб Чемпиондар лигасына жолдама алды

«Бавария» қақпашысы рекордқа жақын нәтиже тіркеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или