IIHF турнирді өткізбеу туралы шешім қабылдады

IIHF турнирді өткізбеу туралы шешім қабылдады

Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы екінші дивизионның А тобындағы әлем чемпионатын өткізбеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, бұл өзгеріс 2026 жылғы маусымдағы жоғарылау және төмендеу жүйесіне әсер етеді. Яғни, келесі маусымда командалар арасында орын алмасу болмайды.

Осыған байланысты бірінші дивизионның B тобынан екінші дивизионның А тобына ешкім түспейді және керісінше, төменгі топтан жоғарыға да ешқандай құрама көтерілмейді.

Бұл турнирге Хорватия, Бельгия, Австралия, Сербия, БАӘ және Грузия құрамалары қатысуы тиіс еді. Ал Қазақстан құрамасы бірінші дивизионның А тобында ойнайды, жарыс 2–8 мамыр аралығында Польшаның Сосновец қаласында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или