Гренц әлем чемпионатына бармайды

Гренц әлем чемпионатына бармайды

Азия ойындарының чемпионы Дмитрий Гренц алдағы әлем чемпионатына қатыспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның айтуынша, Қазақстан құрамасынан өзіне шақырту болмаған. Бұл шешімнің себебін нақты ашып айтпады, тек өз пікірі бар екенін жеткізді.

29 жастағы шабуылшы бұған дейін «Барыс» сапында 2015–2019 және 2020–2021 жылдары өнер көрсеткен. Сонымен қатар, Қазақстан құрамасы құрамында үш әлем чемпионатына қатысқан.

2025/2026 маусымында ол Өскеменнің «Торпедосында» ойнап, тұрақты чемпионатта 54 матчта 17 гол соғып, 46 нәтижелі пас берді. Плей-оффта 9 ойында 6 гол және 5 пас авторы атанды.

Қазақстан құрамасы 8 сәуірде оқу-жаттығу жиынын бастайды. Команда 2–8 мамыр аралығында Польшаның Сосновец қаласында өтетін әлем чемпионатының I дивизионы А тобында Франция, Украина, Жапония, Польша және Литва құрамаларына қарсы ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или