Қазақстан қақпашысы әлем чемпионатына бармайды

Қазақстан қақпашысы әлем чемпионатына бармайды

«Южный Урал» қақпашысы Сергей Кудрявцев Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиынына шақырту алмағанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның айтуынша, команда 8 сәуірде жиналады, алайда өзіне ешқандай шақырту түспеген. Қазір ол Орск қаласында жаттығуын жалғастырып жатыр, ал клубтағы болашағы әлі нақты емес, келісімшарт бойынша әңгіме болмаған.

31 жастағы қақпашы өткен маусым алдында «Арланнан» «Южный Уралға» ауысқан. ВХЛ тұрақты чемпионатында 41 матч өткізіп, әр ойында орта есеппен 2,28 шайба жіберіп, қақпаға бағытталған соққылардың 92,1 пайызын қайтарды.

Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатында I дивизионның А тобында өнер көрсетеді. Турнир 2–8 мамыр аралығында Польшаның Сосновец қаласында өтеді. Қарсыластары – Франция, Украина, Жапония, Польша және Литва құрамалары.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или