Қазақстандық балуан Азия чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті
Қазақстандық грек-рим күресінің балуаны Ислам Евлоев Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
97 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға шығу үшін өткен белдесуде отандасымыз Жапония өкілі Юри Наказатомен күш сынасты.
Белдесу мерзімінен бұрын аяқталды. Евлоев кездесудің алғашқы сәттерінде-ақ сегіз ұпай жинап, айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Жартылай финалдық белдесулер бүгін, 7 сәуірде өтеді.
Бішкекте күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или