Азия чемпионаты: Нұрсұлтан Тұрсынов жартылай финалда сүрінді

Азия чемпионаты: Нұрсұлтан Тұрсынов жартылай финалда сүрінді

Қырғызстан астанасы Бішкекте күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы күні грек-рим күресінен 55 келі, 63 келі, 77 келі, 87 келі және 130 келі балуандары боз кілемге шықты. Бес салмақтан жалғыз 87 келідегі Нұрсұлтан Тұрсынов қана жартылай финалға дейін жетті.

Ол алғашқы белдесуінде Оңтүстік Корея өкілі С.Лиден 7:1 есебімен басым түсті. Бірақ, жартылай финалда 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері қырғызстандық Асан Жанышовқа айқын басымдықпен жол берді.

Ал қалған салмақтағы төрт балуанымыз жарыс жолынан ерте шығып қалды.

Бішкекте күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына дайындалып жатыр

Қазақстандық балуандар рейтингтік турнирден олжалы оралды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или