Қазақстандық клуб келесі маусымда КХЛ құрамында қалады
КХЛ президенті Алексей Морозов лигадағы командалар құрамына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның айтуынша, келесі маусымның күнтізбесі 22 командаға негізделіп жасалып жатыр және әзірге өзгерістер енгізуге себеп жоқ. Сондай-ақ «Сочи» клубы қатысуын растаған, ал «Шанхай» командасының Қытайда 8 үй матчын өткізетіні жоспарланып отырғаны айтылды.
Айта кетелік, Барыс клубының лигадағы тағдырына қатысты нақты ештеңе айтылған жоқ. Алайда Морозовтың мәлімдемесіне қарағанда, лига форматы өзгермейді, яғни қазақстандық клуб келесі маусымда да КХЛ құрамында қалуы ықтимал.
Қазақстандық клуб чемпиондық атағын қорғай алмады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или