Тараз қаласында күрес түрлерінен ел біріншілігі басталды
Тараз қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен U15 және U23 санатындағы Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Тараз Аренадағы» бұл чемпионатқа еліміздің әр өңірінен жиналған мыңнан аса жас балуан қатысып жатыр. Он күнге созылатын ел чемпионатта спортшылар Қазақстан чемпионатының жүлделері үшін белдеседі.
Әр салмақ дәрежесінде үздік шыққан спортшылар Қазақстан құрамасына қосылып, ресми чемпионаттарда ел намысын қорғайды.
Айта кетсек, бұл чемпионатта жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қомақты ақшалай сыйақы тағайындалған. Қазақстан күрес федерациясы жас балуандарға қолдау көрсету мақсатында чемпионаттың жалпы жүлде қорына 41 миллион теңге бөліп отыр.
Жарыстың ашылу салтанатына Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, Қазақстан күрес федерациясының президенті Еркін Оқасов, күрес ардагерлері және жарыстың құрметті қонақтары қатысты.
Еркін күрестен ұлттық құрама дайындық жұмыстарын бастады
Балуан қыздарымыз Азия чемпионатына жүйелі дайындықты бастады