Қазақстандық балуандар рейтингтік турнирде 11 медаль жеңіп алды
Албанияның Тирана қаласында күрес түрлерінен өткен халықаралық турнир мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аталған рейтингтік турнирде Қазақстан құрамасы 11 медаль жеңіп алды.
Әйелдер арасында Зейнеп Баянова (50 келіге дейін), Лаура Алмағанбетова (55 келіге дейін) және Жәмилә Бақбергенова (72 келіге дейін) алтын медаль иеленді. Нилуфар Раимова (57 келіге дейін) мен Гүлмарал Еркебаева (76 келіге дейін) жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Грек-рим күресінде Мейіржан Шермаханбет (67 келіге дейін) чемпион атанды. Марлан Мұқашев (55 келіге дейін) пен Ернұр Фидахметов (63 келіге дейін) жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
Еркін күресте Болат Сақаев (86 келіге дейін), Азамат Дәулетбеков (92 келіге дейін) және Ризабек Айтмұхан (97 келіге дейін) үшінші орынға ие болды.
Айта кетейік, 25 ақпан мен 1 наурыз аралығында өткен додаға Қазақстан атынан 50 балуан қатысқан болатын.
Халықаралық турнирге қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
Зейнеп Баянова мен Лаура Алмағанбетова рейтингтік турнирде топ жарды
Қазақстандық балуандар Албаниядағы турнирде тағы екі алтын медаль жеңіп алды