ГЛАВНАЯ
Спортивная гимнастика
Нариман Курбанов спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды
Нариман Курбанов спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды
Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасы көшбасшыларының бірі Нариман Курбанов Германияның Котбус қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде жүлдеге ие болды.
Отандасымыз ат снарядындағы жаттығудың финалында сәтті өнер көрсетті.
Курбанов осы бағдарламаның ақтық сынында 14,933 ұпай жинап, қола медаль жеңіп алды.
Бірінші орынды 15,000 ұпаймен италиялық Габриэле Таргетта иеленді. Екінші орын армениялық Мамикон Хачатрянға бұйырды - 14,966 ұпай.
Қазақстандық Зейнолла Ыдырысов финалда 14,833 ұпай жинап, төртінші орынға ие болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или