ҚХЛ: «Барыс» - «Шанхай айдаһарлары». Тікелей эфир

ҚХЛ: «Барыс» - «Шанхай айдаһарлары». Тікелей эфир

Бүгін, 20 ақпанда «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты маусымы аясында елордада Қытайдың «Шанхай айдаһарлары» (Шанхай) клубын қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Барыс» пен «Шанхай айдаһарлары» командаларының арасындағы матчтың тікелей трансляциясы Қазақстан уақыты бойынша сағат кешкі 19:30-да басталады және оны осы СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.

Соңғы 5 кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді. Турнир кестесінде «Барыс» 45 ұпаймен 19-орында келе жатса, «Шанхай айдаһарлары» 49 ұпаймен 18-орында келеді. Плей-офф кезеңіне турнир кестесінде үздік 16 қатарына енген командалар ғана шыға алады. Қазақстандық команда кейінгі екі жылда мұндай мүмкіндікке қол жеткізе алған жоқ.

Айта кетейік, клубтар арасындағы алдыңғы ойын қытайлық ұжымның жеңісімен аяқталған еді — 0:2.

ҚХЛ: «Барыс» өз алаңында «Металлургке» жол берді

«Барыстың» бапкері КХЛ рейтингінде 17-орынға көтерілді

Қазақстан чемпионаты: «Номад» - «Алматы» матчына бейнешолу


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или