Андрей Буялский Польша чемпионатында нәтижелі матч өткізді
Польшадағы тұрақты маусым матчында «Полония» «Заглёбье» командасын 4-3 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Полонияның» қазақстандық шабуылшысы Андрей Буялский негізгі уақытта голдық пас беріп, буллит сериясында жеңісті шайбыны соқты.
Биылғы маусымда 25 жастағы қазақстандық шабуылшы Польшада 37 тұрақты маусым матчында ойнап, 44 ұпай жинады — 18 гол және 26 голдық пас.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или