Максим Павленко АҚШ-та сенімді матч өткізді

Максим Павленко АҚШ-та сенімді матч өткізді

АҚШ Шығыс жағалауындағы хоккей лигасы чемпионатында қазақстандық қақпашы керемет матч өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

23 жастағы қазақстандық Максим Павленко өзінің клубы «Уилинг Нейлерске» чемпионаттағы матчта жеңіске жетуге көмектесті.

«Уилинг Нейлерс» 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Павленконың командасы лигада бірінші орында тұр. «Уилинг Нейлерстің» 47 ойыннан кейін 64 ұпайы бар.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или