«Лада» плей-оффтан тыс қалды

«Лада» плей-оффтан тыс қалды

Тольяттидің «Ладасы» осы маусымда Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылған алғашқы команда атанды, деп хабарлайды Prosports.kz. 14 ақпанда өткен ойында олар сырт алаңда «Барысқа» 3:5 есебімен жол берді.

57 матчтан кейін «Лада» 39 ұпай жинады және Батыс конференциясында сегізінші орында тұрған Санкт-Петербургтің СКА клубын қуып жете алмайды. СКА-ның еншісінде 54 ойыннан кейін 62 ұпай бар. Тұрақты чемпионатта әр команда жалпы 68 матч өткізеді.

Ал «Барыс» Шығыс конференциясында 57 кездесуден кейін 44 ұпаймен оныншы орында тұр. Келесі матчта елордалық клуб 17 ақпанда өз алаңында магнитогорлық «Металлургті» қабылдайды. Сол күні «Лада» өз айдынында мәскеулік ЦСКА-мен кездеседі.

Қазақстандық хоккейші Финляндия чемпионатындағы матчта көзге түсті

Олимпиада-2026: Швейцария Францияны 4:0 есебімен жеңді


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или