Қазақ хоккейшілерін балағаттаған комментатор кінәлі деп танылды

Қазақ хоккейшілерін балағаттаған комментатор кінәлі деп танылды

Омскідегі сот спорт комментаторы Максим Гречанинді қазақ балаларына қарсы дөрекі сөздер айтып, тіл тигізгені үшін кінәлі деп тауып, 10 мың рубль айыппұл тақты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ата-аналардың шағымы мен қоғамдағы дүмпуден кейін ғана комментатор ресми кешірім сұрады. Қазақстан заңы бойынша аталмыш әрекеті үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сотта сондай-ақ ұлттық және діни алауыздық тудыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау мүмкіндігі де қаралды. 

Айта кетелік, оқиға 13 қаңтарда орын алды. Ол эфир барысында кішкентай қазақ хоккейшілеріне тіл тигізген еді. 





Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или