«Барыс» бапкері: Ресейді Олимпиадаға жібермегені сұмдық

«Барыс» бапкері: Ресейді Олимпиадаға жібермегені сұмдық

«Барыс» және Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Андрей Назаров Ресейдің Олимпиада-2026 ойындарына жіберілмеуіне қатты наразылық білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.  

Назаров Италияда басталған ерлер арасындағы хоккей турниріне Ресей құрамасының жіберілмеуін «масқара жағдай» деп бағалады.

«Ресейді Олимпиадаға жібермегені  сұмдық нәрсе. Әлемдік хоккейдің заң шығарушысы саналатын құрамасыз турнир бұрынғыдай жарқын әрі қызықты болмайды. Бірақ біз кез келген жағдайда үздік болып қалуымыз керек. Бізде Еуропадағы ең мықты лига, күшті бапкерлер және талантты хоккейшілер бар. Бізді жібермейді, өйткені олар бізден қорқады. Соған қарамастан алға жылжи беруіміз керек. Біз міндетті түрде әлемдік аренаға ораламыз» деді Назаров «Чемпионат» тілшісіне берген сұхбатында.

Айта кетелік, Назаров алдымен ҚХЛ жұлдыздар матчінің тамаша ұйымдастырылғанын да тілге тиек етті.





Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или