Фристайл-акробатикадан әлем кубогы кезеңі: Қазақстандық спортшылар жарыс жолын бастады

Фристайл-акробатикадан әлем кубогы кезеңі: Қазақстандық спортшылар жарыс жолын бастады

Лэйк-Плэсидте (АҚШ) фристайл-акробатикадан Әлем кубогының кезекті кезеңі басталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-ке сілтеме жасап.

Аталған жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысып, алғашқы күні жекелей сайыста өнер көрсетті.

Ерлер арасында Шерзод Хаширбаев 17-орынға табан тіреді. Роман Иванов 25-орынды иеленсе, Асылхан Асан - 27, Ұланбәкір Өмірзақов - 30, Дінмұхамед Райымқұлов 33-орынмен жарысты аяқтады.

Әйелдер арасында Аяна Жолдас тіркелгенімен, жарысқа қатысқан жоқ.

Әлем кубогы кезеңінің екінші жарыс күні 13 қаңтарға қараған түні өтеді.

Қазақстандық шаңғышы әлем кубогы кезеңінде екі мәрте бесінші орын алды

Қысқы Олимпиада бағдарламасына біршама өзгерістер енгізілді

Қазақстандық Анар Бурашева әлемдегі ең биік жеті шыңды бағындырды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или