Бапкер Рахмонов пен Алмабаевқа қатысты шындықты айтты
UFC-дегі қазақстандық спортшылар Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаевтың бапкері Эдуард Базров шәкірттерінің әлеуметтік желідегі сын мен жағымсыз пікірлерге қалай қарайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Бапкердің сөзінше, екі файтерге де сынға бейжай қарау қиын.
«Асу - өте байсалды, бірақ ұстанымына берік адам. Тіпті өзі хабарласып, жазып немесе барып та сөйлесе алады. Мен оған үнемі: «Сабырмен қара, мән берме, өз ісіңді істе» деп айтып отырамын. Шавкатпен де қалжыңдасуға болмайды. Егер біреумен бетпе-бет кездесіп қалса және жанында оны тоқтататын адам болмаса, ашық айтып тастай салуы мүмкін. Себебі ол тік мінезді, бетке айта салатын адам. Өзінің атына айтылған негізсіз, жүйесіз сынға төзбейді», - дейді Эдуард Базров.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаев UFC ұйымында өнер көрсетіп жүр. Рахмоновтың рекорды - 7 жеңіс, жеңіліс жоқ, ал Алмабаев 6 рет жеңіп, бір рет жеңіліс тапқан.