Джон Аник 2025 жылғы ең әсерлі жекпе-жектерді атады

Джон Аник 2025 жылғы ең әсерлі жекпе-жектерді атады


UFC-дің америкалық комментаторы Джон Аник 2025 жылы промоушенде өткен ең керемет жекпе-жектерді атады, деп хабарлайды Prosports.kz. Оның айтуынша, өткен маусымда ерекше деңгейде өткен үш айқас болған.

Аниктің сөзінше, ең әсерлі өнер көрсеткендер қатарында Хамзат Чимаев пен Дрикус Дю Плесси арасындағы жекпе-жек, Ислам Махачев пен Джек Делла Маддалена айқасы, сондай-ақ Петр Ян мен Мераб Двалишвили кездесуі бар. Комментатор бұл жекпе-жектерді көргендегі әсерін өте жоғары бағалады.

Айта кетейік, тамыз айында Хамзат Чимаев Дрикус Дю Плессиді жеңіп, UFC-дің орта салмақтағы чемпионы атанды. Қарашада Ислам Махачев Джек Делла Маддаленаны ұтып, жартылай орта салмақта чемпиондық белбеуді иеленді. Ал желтоқсанда Петр Ян Мераб Двалишвилиден басым түсіп, ең жеңіл салмақтағы UFC чемпионы атағын қайта алды.

Холли Холм бокста титулды қайтара алмады

Жалғас Жұмағұлов: Мен үшін ММА — жай ғана спорт емес


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или