Үміт күттіретін қазақ қақпашысы Түркия футболына ауысып кетті

Үміт күттіретін қазақ қақпашысы Түркия футболына ауысып кетті

Футбол мансабынан зор үміт күттіретін жас қақпашы Тимурхан Картал Түркия клубында өнер көрсететін болды, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Астананың тумасы, 17 жастағы қақпашы Тимурхан Картал Түркияның төменгі дивизионында өнер көрсететін «Йозгатспор» клубымен келісімшартқа қол қойды. Бұған дейін ол Түркияның бірінші лигасындағы «Чорум» клубының қатарында болғанымен, негізінен U-19 командасында ойнаған. 

Айта кетелік, Тимурхан елордалық «Жеңіс» клубында қаралымнан сәтті өткен, әйткенмен қос тарап өтемақы мәселесіне келгенде ортақ келісім жасай алмаған. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или