Ғалымжан Кенжебек РПЛ-ға жол тартпақ
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек мансабын Ресей Премьер-Лигасында жалғастыруға жақын, деп хабарлайды Prosports.kz.
Футболшы Грозныйдың «Ахмат» клубына ауысудың алдында тұр, бұл командада қазірдің өзінде тағы бір қазақстандық Максим Самородов ойнап жүр.
Комментатор Ермұхамед Мәуленнің айтуынша, тараздық футбол мектебінің түлегі Грозный клубымен келісімге келуге жақын. Қазір «Ахматты» Станислав Черчесов баптайды, ал трансфер жүзеге асса, командада бірден екі қазақстандық ойыншы өнер көрсететін болады — Ғалымжан Кенжебек пен Максим Самородов.
Кенжебектің соңғы клубы семейлік «Елимай» болды. КПЛ-2025 маусымында жартылай қорғаушы 11 матч өткізіп, алты гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Осы көрсеткіштерімен ол команданың ең өнімді ойыншыларының біріне айналды.