Мадрид клубы Рубен Невешке қызығушылық танытуда

Мадрид клубы Рубен Невешке қызығушылық танытуда


Мадридтің «Реал» клубы жазғы трансфер кезеңіне арнап ортаңғы алаңды күшейтудің нұсқаларын қарастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz. Дереккөз мәліметінше, «корольдік клуб» қыста жартылай қорғаушы сатып алуды жоспарламайды және еркін агент атануы мүмкін футболшыларды бақылауда ұстап отыр.

Ақпаратқа сәйкес, мадридтіктердің назарына Португалия құрамасының және «Аль-Хиляль» клубының жартылай қорғаушысы Рубен Невеш іліккен. 28 жастағы ойыншының келісімшарты 2026 жылдың жазына дейін жарамды, алайда саудиялық клуб оны осы қыста 15–20 миллион еуро аралығындағы сомаға сатуға дайын.

Рубен Невеш «Аль-Хиляль» сапында 2023 жылдың жазынан бері өнер көрсетіп келеді. Қазіргі маусымда ол барлық турнирде 16 матчқа қатысып, бес гол соғып, бір нәтижелі пас берген. Transfermarkt дерегіне сүйенсек, футболшының нарықтағы бағасы 25 миллион еуроға тең.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или