Криштиану Роналду бір жылда 40 голдық межені 14-рет еңсерді

Криштиану Роналду бір жылда 40 голдық межені 14-рет еңсерді


«Аль-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду кәсіби мансабында 14-рет бір күнтізбелік жылда кемінде 40 гол соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Португалиялық футболшы бұл межені 2025 жылдың 27 желтоқсанында еңсерді. Сауд Арабиясы чемпионатының 11-турында «Аль-Охдуд» командасына қарсы өткен матчта (3:0) дубль жасап, көрсеткішін толықтырды.

Бұған дейін Роналду 2010–2018 жылдар аралығында, сондай-ақ 2020, 2021, 2023 және 2024 жылдары бір маусымда 40 голдан асыра соққан. Оның ең нәтижелі жылы — 2013 жыл. Ол кезде шабуылшы 63 голмен көзге түскен.

Қазіргі таңда «Аль-Наср» чемпионатта сенімді өнер көрсетіп келеді. Команда алғашқы он турда мүмкін болған 30 ұпайдың барлығын жинап, турнир кестесінде бірінші орында тұр. Екінші орында келе жатқан «Аль-Хиляль» клубынан айырмашылық — төрт ұпай.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или