Қазақстан құрамасының қорғаушысы Алматы клубында қала бермек

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Алматы клубында қала бермек


Қазақстан құрамасының және алматылық «Қайрат» клубының қорғаушысы Еркін Тапалов команда сапында өнер көрсетуін жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz. Футболшының айтуынша, жаңа келісімшарт 2026 жылдың соңына дейін есептелген.

Бұған дейін Transfermarkt порталында Тапаловтың «Қайратпен» келісімшарты 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін деп көрсетілген болатын. Алайда қорғаушы бұл ақпараттың жаңартылғанын растады.

32 жастағы футболшы «Қайратқа» 2025 жылдың басында «Тобыл» клубынан еркін агент ретінде ауысқан. Биылғы Қазақстан Премьер-Лигасы маусымында ол 17 матчқа қатысып, бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Сонымен қатар Еркін Тапаловтың Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 20 матч өткізгені бар. Transfermarkt дерегіне сүйенсек, футболшының нарықтағы құны 300 мың еуроға бағаланады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или