Юлия Мясникова Мәскеудің «ЦСКА» клубынан кеткенін мәлімдеді
Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны, Мәскеудің ЦСКА клубының қорғаушысы Юлия Мясникова ресейлік командадан кеткенін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Юлия Мясникова ЦСКА сапында 2019 жылдан бері өнер көрсетіп, бірнеше маусым бойы команданың қорғанысындағы негізгі ойыншылардың бірі болды. Сонымен қатар ол ұлттық құраманың капитаны ретінде де алаңға шықты.
Қарағанды футбол мектебінің түлегі кәсіби мансабын «Алма-КТЖ» клубында бастап, кейін шамамен он жыл бойы «БИИК-Казыгурт» командасының намысын қорғады. 2019 жылы ол Мәскеудің ЦСКА клубына ауысты.
Ресей чемпионатының жоғарғы дивизионындағы алғашқы ойынын Юлия Мясникова 2019 жылғы 2 мамырда Мәскеудің «Локомотив» командасына қарсы матчта өткізіп, 88-минутта алаңға қосылған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или