Асхат Тағыберген «Қайсарға» неге оралмағанын ашып айтты

Асхат Тағыберген «Қайсарға» неге оралмағанын ашып айтты

Футболдан ұлттық құраманың экс-капитаны, «Тобыл» клубының ойыншысы Асхат Тағыберген не себепті «Қайсарға» ауыспағанын түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Маған Қызылордадан нақты ұсыныспен келіп, болашақ сендердің қолдарында деп айтатындай бірде-бір адам болмады. Негізі «Қайсарға» жаным ашиды. Күш-қуатым бар кезде көмектескім келеді. Тым болмағанда кубок алып, еурокубокқа шықса екен. Қызылорданың стадионы да керемет. Болашақта көрерміз», - деп Асхат Тағыберген өз пікірін айтты.

Ол неге қостанайлық клуб сапында қалғанын да түсіндірді.

«Негізі қызылордалық ұжымның спорт директорымен ашық сөйлестік. Бірақ мен «Тобыл» клубының басшылығымен қол алысып қойғаннан кейін барлығы кеш болды», - деді футболшы.

Айта кетейік, Асхат Тағыберген «Тобыл» сапында 2025 жылы ауысып, Қазақстан чемпионатында қола жүлде алса, Қазақстан кубогында топ жарды.

ҚПЛ клубы бірінші ОЖЖ аяқтады

«Ұлытау» екі ойыншымен келісімшарт мерзімін ұзартты

17 жастағы қазақстандық Ла Лига клубымен ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или