«Ақтөбе» Өміртаевпен қоштасты
«Ақтөбе» 27 жастағы қазақстандық шабуылшы Оралхан Өміртаевпен ресми түрде қоштасқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Клубтан кетуіне футболшының келісімшартының мерзімі аяқталуы себеп болғаны айтылды.
Өміртаев «қызыл-ақтарға» 2026 жылдың басында қосылып, барлық турнирде 23 матч өткізді. Осы ойындарда 4 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді.
Бұған дейін шабуылшы «Тобыл», «Шахтер», «Ақжайық» және «Атырау» клубтарының намысын қорғаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или