Бурундиде футболшы матч кезінде қаза тапты

Бурундиде футболшы матч кезінде қаза тапты


Бурунди чемпионатының екінші дивизионында ойнайтын «Гепье дю Лак» клубының футболшысы Игиранеза Айме Герик матч барысында қайғылы жағдайда көз жұмды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оқиға сенбі күні Нгараге қаласында өткен Бурунди Лигасы В ойыны кезінде болды. Кездесу барысында Герик кенеттен есінен танып, алаңға құлады. Дәрігерлер жедел көмек көрсеткенімен, футболшы ауруханаға жеткізілер жолда қайтыс болды.

Дереккөз мәліметінше, жартылай қорғаушы аузына салып жүрген тиынды байқамай жұтып қойған. Алдын ала болжам бойынша, бұл тиын вуду дәстүріндегі «гри гри» деп аталатын бойтұмар болуы мүмкін. Ойыншы оны сәттілік үшін пайдаланған делінеді.

Бурунди футбол федерациясы марқұмның отбасы мен Гепье дю Лак клубына көңіл айтты. Алайда ресми мәлімдемеде өлімнің нақты себебі көрсетілген жоқ.

Зидан ұлының Африка Ұлттар Кубогындағы дебюттік матчына қатысты

«Аль-Наср» ― «Аль-Завраа» матчының тікелей трансляциясы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или