Қазақстан футбол федерациясы мен SOTA стратегиялық әріптестікті дамытып келеді

Қазақстан футбол федерациясы мен SOTA стратегиялық әріптестікті дамытып келеді

Қазақстан футбол федерациясы заманауи футболдың негізгі үдерістерін қамтитын өнімдер экожүйесі саналатын SOTA компаниясымен деректер мен цифрлық инновациялар саласында стратегиялық әріптестік аясында ынтымақтастық орнатқан, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл ынтымақтастық жасанды интеллект негізіндегі озық шешімдерді енгізуге бағытталған. Аталған шешімдер командалар мен ойыншылардың дамуын бақылау үшін деректерді жинау мен терең аналитиканы біріктіреді, сондай-ақ лигалардың ресми сайттарында, әлеуметтік желілерде және трансляциялар барысында жанкүйерлермен өзара байланыстың сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Ынтымақтастық аясында әйелдер футболын дамытуға ерекше назар аударылады. SOTA шешімдері бапкерлер штабтарының жұмысын қолдауға, футболшы қыздардың дамуына және олардың медиа кеңістіктегі көрінісін кеңейтуге бағытталған.

Қазақстан футбол федерациясымен бірлесіп, SOTA футбол экожүйесін цифрлық трансформациялауға арналған кешенді тәсілді жүзеге асырып келеді. Негізгі жарыстар мен операциялық үдерістерге инновацияларды енгізу арқылы бұл әріптестік өңірдегі футболды дамытудың жаңа стандарттарын қалыптастыруға ықпал етеді.

SOTA — ҚФФ-ның деректер мен инновациялар бағытындағы ресми технологиялық серіктесі.

Қазақстан ұлттық құрамасы әлемдік рейтингте бір сатыға жоғарылады

Асхат Тағыберген мансабын қайда жалғастыратынын анықтады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или