Алматылық «Қайрат» жақын арада БАӘ-ге оқу-жаттығу жиынына аттанады

Алматылық «Қайрат» жақын арада БАӘ-ге оқу-жаттығу жиынына аттанады

Алматылық «Қайрат» еурокубоктағы шешуші маттарға белсенді дайындық жұмыстарын жүргізгелі жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қайрат» командасы жақын арада БАӘ-ге оқу-жаттығу жиынына аттанады. Онда штаб физикалық жағдайды жақсартып, кем дегенде бір бақылау матч өткізуді жоспарлап отыр. 

Дайындықтың негізгі мақсаты — 20 қаңтарда Астанада өтетін Чемпиондар лигасының 7-турындағы «Брюгге» командасына қарсы үйдегі матчқа дайындалу.

Айта кетейік, алматылықтар жалпы кезеңдегі соңғы ойынын 9 желтоқсанда Астанада өткізген, онда минималды есеппен «Олимпиакосқа» (0:1) жеңіліп қалған.

«Қайрат» танымал әзербайжандық клубпен матч өткізеді

Асхат Тағыберген мансабын қайда жалғастыратынын анықтады

Астаналық ұжым легионермен келісімшарт мерзімін ұзартты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или