«Ұлытау» қақпашысымен келісімшарт мерзімін ұзартады

«Ұлытау» қақпашысымен келісімшарт мерзімін ұзартады

Қақпашы Дмитрий Непогодов «Ұлытаумен» келісімшарт мерзімін ұзартады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Эльдар Аманбаевқа сілтеме жасап.

«Осы маусымдағы статистикалық көрсеткіштер бойынша Қазақстан Премьер-лигасының ең үздік қақпашыларының бірі Дмитрий Непогодов «Ұлытаумен» келісімшартын ұзартады».

Өткен маусымда қазақстандық азамат клуб сапында 23 ойын өткізіп, команданың Қазақстан Премьер-лигасында қалуына елеулі үлес қосты.

37 жастағы қақпашының Қазақстан Премьер-лигасында мол тәжірибесі бар. Бұған дейін Непогодов «Тобыл», «Ордабасы» және «Астана» сапында ойнаған», - деп жазды журналист өзінің Telegram арнасында.

Айта кетейік, 37 жастағы Непогодов 2025 жылдың ақпан айында Украинаның «Подилья» командасынан «Ұлытау» командасына ауысқан болатын. Өткен маусымда ол жезқазғандық клуб сапында 24 ойын өткізіп, 33 гол жіберіп алды және үш рет қақпасына гол соқтырмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или