«Реалдың» бразилиялық шабуылшысы маусымды «Лион» клубында жалғастырады

«Реалдың» бразилиялық шабуылшысы маусымды «Лион» клубында жалғастырады

«Реал Мадридтің» бразилиялық шабуылшысы Эндрик маусымды франциялық «Лион» клубында жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Фабрицио Романоға сілтеме жасап.

Инсайдердің айтуынша, «Реал Мадрид» пен «Олимпик Лион» 18 жастағы шабуылшыны жалға алу туралы келісімге келді. Келісім 2026 жылдың маусымына дейін жарамды және сатып алу мүмкіндігін қамтымайды. Жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін ойыншы Мадрид клубына оралады.

Келісімшарт шарттары бойынша, франциялық клуб тарапы ойыншының жалақысының 50 пайызын өтейді. Келісімшартта Эндрикке «Лионның» негізгі құрамында белгілі бір ойындар санына кепілдік беретін тармақ та бар.

Шабуылшы биылғы маусымда «Реал Мадрид» сапында алаңға сирек шықты. Ол барлық жарыстарда үш матчта ойнады, барлығы 99 минут ойнады, гол соқпады және ешқандай нәтижелі пас бермеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или