«Барселонаның» бұрынғы сотталған футболшысы клуб сатып алады
Бразилия ұлттық құрамасы мен «Барселонаның» бұрынғы футболшысы Дани Алвес клуб сатып алады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Дереккөздердің ақпаратына сенсек, 42 жастағы футболшы Португалия үшінші дивизионында ойнайтын «Сан-Жуан-де-Вер» клубын сатып алуға жақын.
Содан кейін Алвес шамамен жарты жылға алаңға оралып, футбол ойнауды жалғастыруды көздеп отыр.
Айта кетейік, Дани Алвес қыз зорлау ісі бойынша 4,5 жылға қамалған болатын. Бірақ наурыз айында бұл жаладан толықтай ақталды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или