Қазақстандық футболшы Ла Лига командасына ауысады

Қазақстандық футболшы Ла Лига командасына ауысады

17 жастағы қазақстандық шабуылшы Алдияр Нұрғали «Левантенің» қосалқы командасымен келісімшартқа отырады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ASnews.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан U19 құрамасының ойыншысы келесі аптада Испанияның қосалқы командасымен келісімшартқа отырады деп күтілуде. Олар елдің төртінші дивизионына көтерілуді алдарына мақсат етіп қойған екен.

Нұрғалидан бөлек, қазір «Левантенің» дублінде Павлодардың тумасы Шыңғыс Қалиевпен өнер көрсетуде. Екеуі де «Қайраттың» академиясынан түлеп ұшқан.

Шабуылдаушы жартылай қорғаушы ретінде де ойнай алатын Алдияр Қазақстан U19 құрамасымен бірге Еуро-2026 турнирінің элиталық іріктеу кезеңіне өтті. Қарсыластарының қатарында Украина, Румыния және Солтүстік Ирландия бар.


«Қайрат» танымал әзербайжандық клубпен матч өткізеді

Қазақстандағы танымал бапкер «Ақтөбенің» тізгінін ұстауы мүмкін

Астанада қыздарға арналған УЕФА-ның «C» лицензиясына бапкер дайындау курсы басталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или