Чунчуков Қазақстанда қалмайды: форвард Еуропаны таңдады

Чунчуков Қазақстанда қалмайды: форвард Еуропаны таңдады


Өткен маусымда «Атырау» сапында ойнаған болгариялық шабуылшы Цветелин Чунчуков Қазақстанда қалмайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Legalbet.kz мәліметінше, 30 жастағы футболшы мансабын Еуропада жалғастыруды көздеп отыр, ал ең соңғы нұсқа ретінде туған елі Болгарияға оралуы мүмкін.

Чунчуков «Атырауға» 2025 жылдың наурыз айында болгариялық «Славиядан» еркін агент ретінде келген. Бұған дейін ол Болгарияның бірқатар клубтарында, соның ішінде «Левски» мен Пловдивтің «Ботевінде», сондай-ақ Румыния командаларында өнер көрсеткен. Сондай-ақ Болгария ұлттық құрамасында екі матч өткізген.

КПЛ-2025 маусымында ол 23 ойынға қатысып, бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталы футболшының қазіргі нарықтық құнын 100 мың еуро деп бағалап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или