Гол кімнің еді? ФИФА Кержаковтың пайдасына шешім шығарды
Ресей құрамасының бұрынғы шабуылшысы Александр Кержаков Германияға қарсы 2005 жылғы жолдастық матчтағы (2:2) даулы голға қатысты ФИФА-ның ресми жауабын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кержаков ФИФА-дан келген 2025 жылғы 2 желтоқсандағы хаттың негізгі бөлігін өз Telegram-арнасында бөлісті. Оның айтуынша, бұл ақпаратты жанкүйерлер көптен бері сұраған.
ФИФА жауабында онлайн дереккөздер тексеріліп, голдың нақты авторы Александр Кержаков екені көрсетілген. Сонымен қатар, мұндай жағдайларда алдымен Ресей футбол одағына жүгінуге кеңес берілген, өйткені жолдастық матчтардың барлық дерегі сол жерде сақталады.
Аталған гол ұзақ уақыт бойы Андрей Аршавиннің еншісінде болып келген. Егер статистика ресми түрде қайта қаралса, бұл Ресей құрамасының үздік сұрмергендері тізіміне әсер етуі мүмкін. Қазір рекорд Артём Дзюбаға тиесілі — 31 гол, ал Кержаковтың есебінде 30 мяч бар.
Айта кетейік, 2022 жылдан бері Ресей құрамасы ФИФА мен УЕФА турнирлеріне қатыспай, тек жолдастық кездесулер өткізіп жүр.