Винисиусқа ысқырық, бірақ «Реал» одан теріс айналған жоқ
Мадридтің «Реал» клубы «Севильяға» қарсы өткен матчта жанкүйерлердің ысқырығына ұшыраған Винисиус Жуниордың жағын ұстап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Дегенмен, «корольдік клубтың» ішінде соңғы айларда бразилиялық ойыншының айналасында қалыптасқан атмосфера алаңдаушылық тудырып отыр.
AS басылымының мәліметінше, Винисиус пен клуб президенті Флорентино Перес арасында тұрақты әрі ашық диалог бар. Клуб басшылығы шабуылшының алаңдағы еңбегін, табандылығын жоғары бағалайды.
Сонымен қатар, 25 жастағы футболшының өзі маусымның осы кезеңінде ең жақсы бабында емес екенін мойындап отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или