Салах шу тудырған сұхбаттан кейін «Ливерпульден» кешірім сұрады
«Ливерпуль» шабуылшысы Мохамед Салах екі апта бұрын берген сұхбатынан кейін командадағы әріптестерінен кешірім сұрады, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл туралы жартылай қорғаушы Кертис Джонс айтып берді.
Еске сала кетейік, сол сұхбатта Салах өзін клуб тарапынан сатқындыққа ұшырағандай сезінетінін айтып, біреулер оны командадан ығыстырғысы келетінін мәлімдеген еді. Бұл сөздер футбол әлемінде үлкен резонанс тудырды. Джонстың айтуынша, бұл жағдай команда ішіндегі атмосфераға қатты әсер етпегенімен, мысырлық ойыншы бәрібір кешірім сұрауды жөн көрген.
«Мо да адам ғой, кейде өз ойын ашық айтады. Ол өзін ренжігендей сезінгендердің бәрінен кешірім сұрады», деді Джонс.
Даулы мәлімдемеден кейін Салах «Ливерпульдің» «Интерге» қарсы Чемпиондар лигасындағы ойынына қатыспады. Кейін ол бас бапкер Арне Слотпен жеке сөйлесіп, қайтадан негізгі құрамға оралды. «Брайтонға» қарсы матчта нәтижелі пас беріп, команда жеңіске жетті. Осыдан кейін Салах Африка кубогына аттанды.
Мбаппе Роналдудың рекордын қайталады
«Қайраттың» ЧЛ-ның соңғы турындағы қарсыласы АПЛ-да көшбасына шықты