Норвегиялық футболшы гол саны бойынша Криштиану Роналдуды басып озды

Норвегиялық футболшы гол саны бойынша Криштиану Роналдуды басып озды

Эрлинг Холанн Англия премьер-лигасындағы (АПЛ) гол саны бойынша Криштиану Роналду көрсеткішінен асып түсті, деп хабарлайды Prosports.kz

Бүгін «Манчестер Сити» шабуылшысы 17-тур аясында Вест Хэм қақпасына соғылған дубль авторы атанып, тарихи межені бағындырды. Аталған кездесуде «Манчестер Сити» қарсыласын 3:0 есебімен жеңді. Осылайша, норвегиялық шабуылшы АПЛ аясында 104 гол соғып, бұл нәтижеге небәрі 114 матчта қол жеткізді. Ал бұрынғы «Манчестер Юнайтед» ойыншысы Криштиану Роналду 103 гол соғу үшін 236 ойын өткізген болатын.

Еске сала кетейік, Эрлинг Холанд «Манчестер Сити» сапына 2022 жылдың қаңтар айында қосылған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или