Әли Алиев елордалық «Жеңіс» клубының бас бапкері атанды
Қазақстан футбол құрамасының бұрынғы бас бапкері Али Алиев елордалық Жеңіс футбол клубын тізгіндеді, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлім етті.
Экс бапкер астаналық клубпен 2026 жылдың желтоқсанына дейін, яғни бір жылға келісімшартқа қол қойды.
«Елордалық “Жеңіс” футбол клубының тізгінін тәжірибелі маман Али Алиев қолға алды. Ол мінезімен, тактикалық шеберлігімен және қазақстандық футболдағы мол тәжірибесімен танымал. Біз бас бапкерімізбен бірге жаңа белестерді бағындырып, жанкүйерлерді жарқын жеңістермен қуантамыз. Ортақ мақсатымыз — “Жеңіс” клубының абыройын асқақтату. Бапкерге табыс пен толағай жетістіктер тілейміз», — делінген клубтың мәлімдемесінде.
Айта кетелік, Али Ханалиевич бұған дейін де «Жеңіс» клубын 2022 жылы басқарған.