Мюнхендік клуб «Мидтьюлланнның» сұрмергенін бақылап отыр
Мюнхендік «Бавария» «Мидтьюлланн» клубының 21 жастағы орталық шабуылшысы Франкулину Джуға қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ақпаратқа сәйкес, неміс клубының спорттық директоры Кристоф Фройнд даттық клубпен де, футболшының өзімен де байланысқа шыққан. Бұл туралы журналист Кристиан Фальк мәлімдеді.
Дереккөздің айтуынша, «Мидтьюлланн» ойыншысын 25–30 миллион еуро аралығындағы сомаға сатуға дайын. Алайда «Баварияға» бұл трансферде «Ливерпуль» мен Дортмундтың «Боруссиясы» бәсекелес болуы мүмкін.
Қазіргі маусымда Франкулину Джу барлық турнирде 30 матчқа қатысып, 21 гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Оның клубпен жасалған келісімшарты 2029 жылдың жазына дейін күшінде, ал Transfermarkt порталы футболшының нарықтағы бағасын 22 миллион еуро деп көрсетіп отыр.
«Ливерпуль» ойыншысы «Алтын доп» жеңіп алды
Конференция лигасы: Плей-оффқа шыққан командалар белгілі болды