Жалақы мәселесіне байланысты Камара «Астанадан» кетті
«Астана» футбол клубы гвинеялық шабуылшы Усман Камараның келісімшартты бұзу туралы өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
AsNews.kz мәліметінше, 26 жастағы вингер елордалық клубтан жалақының уақытылы төленбеуіне байланысты кету туралы шешім қабылдаған. Ақпаратқа сәйкес, «Астана» қыркүйек айынан бері ойыншылар алдындағы қаржылық міндеттемелерін орындай алмай келеді, сонымен қатар инвестор табу жағынан да қиындық көріп отыр. Камара мансабын шетелде жалғастыруды жоспарлап отыр.
Қазақстанда ол 71 матч өткізіп, 17 гол соғып, 18 нәтижелі пас берген. Бұған дейін шведтің «АФК Эскильстуна», норвегиялық «Волеренга», сондай-ақ грузиялық «Дила» мен «Динамо» клубтарында ойнаған. Футболшының трансферлік құны шамамен бір миллион еуро деп бағаланады.
Астанада қыздарға арналған УЕФА-ның «C» лицензиясына бапкер дайындау курсы басталды