Каталондық клуб орталық қорғаушылар іздеуге кірісті

Каталондық клуб орталық қорғаушылар іздеуге кірісті


«Барселона» алдағы жылдарға арналған жоспар аясында қорғаныстың ортасын күшейтудің жолдарын қарастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Каталондық клуб тұрақты ойнай алатын әрі командаға кемінде 4–5 жыл пайдасын тигізетін орталық қорғаушыларды іздеуде. Қазір «блауграна» басшылығының басты назарында «Манчестер Сити» сапындағы Йошко Гвардиол мен «Интер» ойыншысы Алессандро Бастони тұр.

Mundo Deportivo мәліметінше, қаржылық мәселелерін реттей алған соң, «Барселона» бұл футболшыларды сатып алу нұсқасын шындап қарастыруы мүмкін. Бұл процесс келесі жазда іске асуы ықтимал. Клубта Гвардиол мен Бастониді тек орталықта ғана емес, сол қапталда да ойнай алатын, допты жақсы меңгерген және үлкен матчтарда тәжірибесі бар қорғаушылар деп бағалап отыр.

Аталған ойыншылар 2026 жылдың жазында келісімшарты аяқталатын Андреас Кристенсеннің және соңғы уақытта психологиялық қиындықтарға тап болған Рональд Араухоның орнын басуы мүмкін.

«Ливерпуль» ойыншысы «Алтын доп» жеңіп алды

Конференция лигасы: Плей-оффқа шыққан командалар белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или