Australian Open турниріне қатысатын қазақстандық теннисшілер анықталды
24 қаңтар мен 1 ақпан аралығында өтетін 2026 жылғы юниорлар арасындағы Australian Open турнирінің қатысушылар тізімі жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
Жарыстың негізгі сеткасында Қазақстаннан үш теннисші бақ сынайды. Олар — ITF юниорлар рейтингінде 24-орында тұрған Занғар Нұрланұлы (10-нөмірмен іріктелген), сондай-ақ Дамир Жалғасбай (ITF Juniors — 60) және Даниэль Тазабеков (ITF Juniors — 94).
Айта кетейік, Занғар, Дамир және Даниэль өткен жылы юниорлар арасындағы командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңінде бірге өнер көрсеткен. Сергей Квактың шәкірттері сол турнирде төрт дүркін әлем чемпионы Франция құрамасын жеңіп, жалпы есепте бесінші орынды иеленген болатын.
Елена Рыбакина жылдың үздік теннисшісі жүлдесін ала алмады