Қызылордалық клубты үлкен өзгерістер күтіп тұр
Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Артаев «Қайсар» футбол клубының жалақы бойынша қарыздары аймақтық бюджет есебінен жабылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның сөзінше, тиісті өтініш жолданған және бұл мәселе ағымдағы жылдың соңына дейін немесе келесі жылдың басында шешілуі тиіс.
Артаев сондай-ақ мердігер ұйымдарға берешек мәселесі қазіргі таңда әлеуетті инвесторлармен талқыланып жатқанын, оларға шешімнің мүмкін жолдары ұсынылып жатқанын атап өтті. Ол мемлекет құрылымдары клуб жеке меншікке берілгеннен кейін команданың даму стратегиясына әсер ете алмайтынын айтты:
«Жаңа иесі кадрлық саясатты өз бетінше анықтауға құқылы. Жобаға құрамды күшейту енгізілген, сапалы ойыншыларды тарту жұмысы жүргізіліп жатыр. Жаңартылған «Қайсар» жоғары деңгейлі футбол көрсете алады деп сенемін. Жеке басқаруға өткеніне қарамастан, біздің мақсатымыз — клубтың лидерлер қатарында қалуы», — деді Артаев.
Дереккөз мәліметінше, «Қайсардың» жаңа басшысы клуб академиясын салу және қажетті инфрақұрылымды дамытуға шамамен 12 миллиард теңге инвестиция салуды жоспарлап отыр, бұл клуб тарихындағы ең ауқымды жобалардың бірі болмақ.
Сонымен қатар, «Қайсар» Еуропадан екі легионерді командаға қосу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр.
Қазақстандық клуб бас бапкерімен келісімшарт мерзімін ұзартты
Қазақстан U15 құрамасы қарсыласын ірі есеппен жеңді
Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде төмендеді